Президент • 17 Шілде, 2018

Мемлекет басшысы «GiessenHaus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «GiessenHaus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Мемлекет басшысы «GiessenHaus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Қазақстан Президенті балқытылған аллюминий және жеңіл қорытылатын автомобиль дискілерін өндірудің технологиялық үдерісімен танысты.

Мемлекет басшысына «Павлодар» еркін экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан индустриялық жобалар жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа дайын өнім үлгілері, атап айтқанда, жылыту радиаторлары, автомобильдердің қосалқы бөлшектері, темір жол вагондарының дөңгелектері көрсетілді.