Қазақстан • 17 Шілде, 2018

«Qazaqstan» мен «Qazsport» футболдан әлем чемпионатының көрсетілімін қорытындылады

564 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде FIFA 2018 футболдан әлем чемпионатының қорытындысына байланысты баспасөз мәслихаты өтті.

«Qazaqstan» мен «Qazsport» футболдан әлем чемпионатының көрсетілімін қорытындылады

Шараға «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Қарин мен «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин қатысты.

«Футболдан әлем чемпионаты бұл барлық футболсүйер қауым үшін спорт әлеміндегі маңызды да, қуанышты оқиғалардың бірі. Өздеріңіз білетіндей «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футбол ойындарының барлық 64 матчын толығымен тікелей эфирде көрсетті. Ресейдегі FIFA 2018 футболдан әлем чемпионатының көрсеткіші 2014 жылғы әлем чемпионатына қарағанда 16%-ға артты», дейді Ерлан Қарин.

«Qazaqstan» телеарнасында ең көп көрілген матч – Ресей мен Египет командалары арасындағы ойын, үлесі 47,4%. Ал көрсеткіші 6,97 пайызды құрады. Cондай-ақ, «Qasport» телеарнасында көрсетілген Ресей мен Хорватия командаларының ойыны үздіктер қатарына кіріп, 44.3% үлесімен 7.32% рейтингтік көрсеткішке жетті. Ал ең төменгі рейтинг «Швейцария – Коста-Рика» арасындағы матч болды, үлесі 5,3% құраса, рейтингісі 0,58% ғана болды.

Сонымен қатар, әрбір матчтың орташа аудиториясы шамамен жарты миллионға жуық көрерменді жинады. Соның ішінде көрсетілім жағынан ең жоғарғы көрсеткішке ие болған Ресей – Хорватия ойыны болды, LIVE режімінде 339 455 адам тамашалады. Ал Ресей – Сауд Арабиясы ойынын бар-жоғы 16 819 адам көрген болып шықты. Сондай-ақ, көрермендеріміз футболды «Qazaqstan TV» қосымшасынан көру мүмкіндігіне ие болды, қазіргі сәтте бұл қосымшаны 263 511 рет жүктеген.     

Айта кетейік, тағы бір жақсы жаңалығымыз – 2022 жылы Қатарда өтетін футболдан әлем чемпионатын трансляциялау құқығына ие болдық

Естеріңізге сала кетейік, 14 маусым – 15 шілде аралығында Ресейде ФИФА-2018 футболдан әлем біріншілігі өткен болатын. Бұл жарысқа әлемнің ең таңдаулы 32 ұлттық құрама қатысты. Ресейде өткен футболдан әлем чемпионатының Қазақстан Республикасының аумағындағы ресми хабар таратушылары - «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары.

«Футболдан әлем чемпионатын тікелей эфирдегі көрсетілімін жоғары деңгейде өткіздік деп ойлаймын, себебі жақсы пікірлер айтылып жатты.

Сонымен қатар, 7 шілдеде «Qazsport» телеарнасы орташа тәуліктік үлесі жағынан 18,3 пайызды көрсетіп абсолютті рекорд орнатты. Арнаның рейтингі 1,6%-ды құрады. Ал Ресей – Хорватия матчында барлық 6+ аудиториясымен 1 018 910 көрермен жинап рекорд орнатылды. Көрермендеріміз тамаша ойындардың куәсі болды, біздің комментаторларымыз барынша атсалысты. Тұрақты комментаторлардан бөлек Есей Жеңісұлы, Ермұхамед Мәулен, Сергей Раильян және басқалары арнайы шақырылды. Сондай-ақ, кейбір матчтарды оқиға алаңынан тікелей жеткізу үшін Руслан Бақытжан мен Тимур Сүлейменов сынды білікті мамандар болды

Сондықтан, осы шараны қорытындылай келе ең үздік комментаторды анықтау үшін байқау жариялауды ұйғардық. Байқау әлеуметтік желілерде корпорациямыздың барлық аккаунттарында жаряланған болатын. 14 комментатордың арасынан Ермұхаммед Мәулен мен Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян және Тимур Сүлейменов ең көп дауыс жинап, үздік комментатор атанды.

Сондай-ақ, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының атына сапалы жұмысы үшін ФИФА-дан алғыс хат жіберілді. Бұл турнирді ойдағыдай өткізуіміздің бір себебі қызметкерлердің жұмыла жұмыс істеуінің арқасында. Барлықтарыңызға алғысымды білдіремін!» деді «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин.