Әлем • 17 Шілде, 2018

Каспий маңы елдерінің басшылары Ақтауда кездеседі

650 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары кездесетін күнді жариялады.

Каспий маңы елдерінің басшылары Ақтауда кездеседі

«Қазіргі уақытта Каспий маңындағы Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстанның сыртқы саяси ведомстволары бесінші Каспий саммитіне дайындық жұмыстарын бастап кетті. Саммит 12 тамыз күні Ақтау қаласында өтеді»,  деді Қайрат Әбдірахманов Үкімет үйінде берген сұхбатында.  

Оның айтуынша, барлық мемлекеттер саммитке қатысатындығын растаған.