![Аурудың алдын алуды үйренген абзал](/article_photo/1532410663_article_b.jpeg)
Аймақтардағы түрлі қызметтердің іс-қимылын реттеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі «Сау қала» жобасын әзірлегенін айтты.
«Бұл өмір сүрудің қауіпсіз жағдайлары мен медициналық қызметтің қолжетімділігін, дене белсенділігі мен спортпен айналысу үшін жағдай жасау, ауа мен суды ластауды азайту шараларымен қамтамасыз етеді. Әр аймақтың сау университет пен мектеп, аурухана, сау тағамдар мен жұмыс орындарының көмегімен адам денсаулығы үшін жағдай жасау және оның жолындағы кедергілер мен өзекті мәселелерді анықтау өте маңызды. Біздің мақсатымыз – жергілікті органдарға барынша көмек көрсету. Ұлттық желі құру мақсатында «Қазақстанның сау қалалары» брендін танытып, оны жүзеге асыру жолдарын адамдарға жеткізгіміз келеді. Мысалы, көліктерді азайту есебінен жаяу жүргінші жолын, веложолдарды көбейту қоршаған ортаның ластануын бәсеңдетеді», деді ол.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»