Білім • 24 Шілде, 2018

Жаңаөзенде үш тілді лагерлер ұйымдастырылды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жазғы каникул кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сонымен қатар жаңартылған білім мазмұнын, үштілділікті ілгерілету мақсатында оқушылар үшін қалалық білім беру ұйымдары жанынан лагерлер ұйымдастырылды.  

Жаңаөзенде үш тілді лагерлер ұйымдастырылды

Аталмыш лагерлер жұмысына «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының құрамы партиялық бақылау жүргізді.

Қала бойынша үш тілдік лагерлер маусым айының 6 жұлдызынан бастап I кезеңі жұмысын бастады. I кезеңде  қамтылған  оқушылар саны 330 болса, II кезеңде 270 оқушы  қамтылып отыр.

Қалалық мәслихат депутаты, «ӨзенДизайнСервис» ЖШС директоры, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бекқали Нұрбосынов: «Осындай лагерлер балаларға тиімді, әрі бос уақытын мазмұнды өткізуге пайдалы. Комиссия мүшелері өткізілген дәріс жұмыстарына қатыстық, мұғалімдердің біліктілігі мен ұйымдастыру қабілеттілігіне ризамыз», деді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы