Осыған байланысты қазір шаһар аялдамалары маңында «Астана LRT» компаниясының терминалдары орнатылды. Ал қалтаның қағылмауын ойлаған халық ұзын-сонар кезекте тұр.
Байқағандарыңыздай халықтың көпшілігі электронды билет жүйесінің тиімділігін айтуда. «Астана LRT» компаниясы мамандары аталмыш жүйе арқылы көлеңкелі ақша айналымын түпкілікті жойып, бюджет түсімін арттыруды көздеп отырғандарын айтады. Ал 15 жасқа дейінгі балаларға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.
Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
журналист
Видео: Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ