Аймақтар • 24 Шілде, 2018

Қызылордадан Ташкентке маршрут тұрақты қатынайды

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысынан Өзбекстан астанасына енді еш қиындықсыз баруға болады.

Қызылордадан Ташкентке маршрут тұрақты қатынайды

Екі жаққа бірдей қолайлы «Қызылорда-Ташкент-Қызылорда» тұрақты маршруты ашылды.

Күндізгі сағат бесте жүретін автобустардың билеті ересектер үшін 3 мың теңге. Ал, жеті мен он екі жас аралығындағы балалар үшін бір жарым мың теңге тұрады.

– Екі мемлекет басшыларының келісімі арқасында шекара ашылып, қазақ-өзбек қатынасының аясы кеңейді. Енді жолаушыларымыз жайлы заманауи автобустар арқылы діттеген жеріне бара алады, – дейді «Салтанат» ЖШС басшысы Баянбай Сыздықов.

Бұрын Өзбекстанға бару үшін көлік ауыстырып, жарты күн уақытын жолда өткізетін жолаушылар қуанулы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған. Сонымен қатар, облыс орталығынан Астана, Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент, Жезқазған, Сарыағашқа қалааралық автобустар қатынайды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы