Аймақтар • 24 Шілде, 2018

Атырауға Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы жұмыс сапарымен барды

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайыммен кездесті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауға Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы жұмыс сапарымен барды

Бақытжан Әбдірайым Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы қызметіне өткен жылдың қараша айында тағайындалған болатын, Атырау облысына жұмыс сапарымен алғаш келуі. Облыс басшысы қонақты өңірдің салалық және жергілікті кәсіподақтарының төрағаларына таныстырды, сондай-ақ Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әңгімеледі.

«Қазіргі уақытта өңірде, соның ішінде облыс аумағында жұмыс істейтін кәсіподақтардың табысты жұмыстарының нәтижесінде оң даму динамикасы байқалады. Мемлекет басшысы Жолдау мен басқа бағдарламалар аясында алға қойған барлық міндеттерді іске асыруға қаражатымыз жеткілікті. Біз Атырау облысын дамытуда бірлесіп жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін», - деді кездесуде Н.Ноғаев.

Кездесу барысында Бақытжан Әбдірайым өңірдің екі кәсіподақ төрағасына Астананың 20 жылдығы құрметіне мерейтойлық медальдарды табыс етті. Бақытжан Әбдірайым қатысушыларға Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Ізтұрған Баймұхановты таныстырып, оған жаңа қызметінде табыс тіледі.

Ізтұрған Баймұханов мамандығы бойынша инженер-геолог. Қатардағы техниктен «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ «Ембімұнайгаз» кәсіпорны ӨФ директорына дейін еңбек жолынан өтті. Соңғы жиырма жыл бойы өңірдің ірі мұнай-газ кәсіпорындарында басшылық лауазымдарды атқарды.