![Елбасы Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады](/article_photo/1532431822_article_b.png)
Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады.
Қазақстан Президенті Өзбекстан Президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тіледі.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ Орталық Азиядағы кооперациялық байланыстардың кеңейе түскенін ерекше атап өтті.