Медицина • 25 Шілде, 2018

Әскери өмірдің қыр-сырымен танысты

827 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында елорданың 20 жылдығына арналған «Айбын» төртінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Әскери өмірдің қыр-сырымен танысты

Іс-шараға «Айбын» рес­пуб­ликалық әскери-патриоттық жас­тар жиынының жетекшісі, «Жас сарбаз» әскери-патриот­тық қоғамдық қозғалысы респуб­ликалық штабының төрағасы, Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Тала­сов, Қарағанды облысының әкі­мі Ерлан Қошанов және ша­қы­рылған ардагерлер қатысты.

– Біз баршамыз коман­да­лар­дың іс-қимылын жіті қадағалап отырдық. Сіздер сайысқа белсене атсалыстыңыздар, әскери іспен, Қарулы Күштердің та­ри­хымен етене жақын бол­дыңыз­дар, өздеріңіздің жетіс­тік­теріңізді, білімдеріңіз бен ше­бер­ліктеріңізді паш еттіңіздер, жаңа достар таптыңыздар, сайыс­та мықтылықтарыңызды сынап көрдіңіздер. Осы жиында біз елімізде бірыңғай диалог алаңын және барлық әскери-патриоттық жұмыстың орталығына айналған «Жас сарбаз» республикалық жасөспірімдер әскери-пат­риот­тық қозғалысының ірге­та­сын қаладық. Сіздерді жүл­делі орындарыңызбен шын жүрек­тен құттықтаймыз, – деді ге­не­рал-майор М.Таласов қатысу­шы­лар­дың алдында сөйлеген сөзінде.

Жиын қорытындысы бо­йынша әскери-патриоттық клубтар арасында бірінші орынды Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің командасы, екінші орынды Ш.Уәлиханов атындағы ер балаларға арналған «Жас ұлан» мамандандырылған мектебі (Семей) және үшінші орынды С.Рақымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі (Шымкент) жеңіп алды.

Сонымен қатар Қазақстан Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдардың әскери-патриоттық клубтары арасында «Шығыс» әскери-патриоттық клубы бірінші орынды, «Жас қыран» әскери-патриоттық клу­бының командасы (Отар) екінші орынды және «Жас десантшы» (Сарыөзек) әскери-патриоттық клубы үшінші орынды еншіледі.

Өңірлердің әскери-патриот­тық клубтары арасында «Қай­сар» (Павлодар) командасы бі­рін­ші орынды, «Жігер» (БҚО) екін­ші орынды және «Жас бүр­кіт» (Астана) үшінші орынды ие­ленді.

Жиын қорытындылары бо­йын­ша «Айбыны асқақ жас сар­баз» жүлдесі Бекзатхан Қал­­­мыр­заевқа («Қызылорда ай­бын­дары» ӘПК) табыс етілді. Ал клубтар арасынан «Қай­сар» (Павлодар) әскери-пат­риот­тық клубы аталымында бас жүлде иегері атанды. Жал­пы командалық және жеке есеп­тер­дегі жеңімпаздар грамоталар, медальдар, кубоктармен марапатталды. Оған қоса әс­кери-патриоттық жиынның бар­лық қатысушысына сертификат­тар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Естеріңізге сала кетсек, биыл жиынның бағдарла­ма­сы аясында «Ұлы дала әс­кері – «Мәңгілік ел» тірегі!» атты Қарулы Күштер түрлері­нің өкіл­дерімен кездесуі, «Ай­бын да­рыны» зияткерлік ойы­ны, робот техникасы бойынша «Менің роботым» байқауы, «Айбын жалыны» алауы­ның маңындағы қызыққа толы кеш, «Қазақстанның 100 жаңа тұл­ғасы» жобасының жеңімпаз­дары­мен кездесу, сондай-ақ «Ай­бын дауысы» мега арт-фестивалі өткен болатын. 

Сондай-ақ бағдарламада спорт­тың әскери-қолданбалы түр­лері мен жауынгерлік даяр­лық пәндері бойынша көптеген әс­кери-қолданбалы сайыстар ерек­ше қызығушылыққа ие болды.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»