Қазақстан • 25 Шілде, 2018

Ұлттық ұлан делегациясы Түркияда болды

1304 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов бастаған делегация Түркия Республикасында жұмыс сапарымен болды. Сапар түрік ағайындардың шақыртуымен ұйымдастырылып, қызметтік-жауынгерлік әрекетте тәжірибе алмасу, әр салада екіжақты ықпалдастық мәселелерін талқылау мақсатында өтті. 

 

Ұлттық ұлан делегациясы Түркияда болды

Алғашқы күні қазақстандық әскери делегация Ыстанбұл қаласы жандармериясының қолбасшысы, генерал-лейтенант Нух Короглумен кездесіп, көп миллионды мега­по­листегі жандармерияның атқаратын қызметімен танысты.   
Келесі күні  қазақстандық делегация Анкараға жол тартып, Түр­кия Республикасының Қорғаныс министрі, армия генералы Хулуси Акар, Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабының бастығы, армия генералы Яшар Гюлер және Түркия Жандармериясының Бас қолбасшысы, армия генералы Ариф Четинмен кездесу өткізді. Сапар барысында жоғары лауазымды әс­керилер екіжақты қарым-қатынас туралы сөз етті. Түрік тарабы  Ұлттық ұлан үшін әскери киім үл­гі­лері мен қару-жарақ, арнайы құрал­дар, оқ-дәрілерді жеткізуге ынта та­ны­тып отыр. Осыдан кейін қазақ­стан­дық делегация назарына қор­ғаныс-өнеркәсіптік кешенінің «Нур­олтехнолоджи», «AVS», «Гази Фи­шек» өнеркәсіптері ұсынылды.
Әрі қарай қазақстандықтар жан­­дар­мерияның жедел штаб орта­лығында болып, мемлекеттік шека­раны барлау және пилотсыз ұшу ап­па­рат­тарын қолдану арқылы күзету мүм­кіндіктері, сондай-ақ біре­гей ақ­параттық кеңістікке бірік­ті­рілген тұлғалар мен көлік құрал­дарын танитын мобильді жүйемен танысты.
Сонымен қатар сапар аясында түрік әскерилері Криминалдық орта­лықта арнайы операцияларды қам­тамасыз ету құрылғыларының көрмесін ұйымдастырды. Делегация мүше­лері инженерлік қызмет мүл­кіне қы­зы­ғушылық танытып, арнайы инже­нерлік техника мен мина-іздеу құ­ралдары бар роботтар назарға ілікті. 
Келіссөздер барысында ма­ман­­дар­дың кәсібилігін жоғары­лату және  әскери білім беру бо­йынша мә­се­лелердің шеші­луі қаралды. Осылайша, Жан­дар­мерия училище­сінде оқыты­латын Қазақстан кур­сант­тарының санын жылына 
8 адамға дейін көбейту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ Түркия Республикасының академия­ларында Түркия әскери оқу орындарын аяқтаған Қазақстан Ұлттық ұланынан жіберілген түлектердің оқуларын әрі қарай жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді. Бұдан бөлек Түркия оқу орындары базасында арнайы мақсаттағы мамандармен (мерген, жарғыш техник, суға сүңгуші және тағы басқа)  өткізілетін курстардың саны артты.
Түркия Ішкі істер министрі және Жандармерия Бас қол­бас­шысымен кездесу барысында  Қазақстан Ұлттық ұланын Еуропа және Орталық теңіз елдерінің Жандармерия және полиция күштерінің қауымдастығы (FIEP) құрамына кіргізу мәселесі сөз етілді. Аталған  ұйымға бірқатар Еуропа мемлекеттері мүше. Бұл өз кезегінде ұландықтарға ассоциация мүшелерінің арнайы бөлімшелері әрекетінің тактикасын үйренуге, олардың оқу-материалдық базасында жиын дайындықтарын өткізуге, сондай-ақ бөлімшелердің материалды-техникалық қамтылуын көтеруге мүмкіндік береді. 
Тәжірибе алмасу аясында түрік тарабы жыл сайынғы «Әскери керней» халықаралық әскери-музыкалық фестивальға қатысуға, сондай-ақ Алматы об­лысы 5574 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы бөлімшелерді жауын­герлік және әдістемелік дайындау орталығы базасында өтетін арнайы мақсат бөлімшелерінің оқу-жаттығуларына қатысуға ынта танытты. 
Сапар барысында қазақ­стан­дық делегация «Ататүрік» кесе­не­сі­не барып, гүл шоқтарын қой­ды.

«Егемен-ақпарат»