Қаржы • 25 Шілде, 2018

Павлодар облысында 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

224 реткөрсетілді

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше,биыл жалпы құны 122,9 млрд теңгені құрайтын жобалар жүзеге асқанда, 1171 жаңа жұмыс орны пайда болмақ.

Жобалардың арасында бірінші кезекте Ақсудағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның циклды-ағымды кен аршу кешені, Екібастұздағы «Проммашкомплект» ЖШС-нің теміржолға арналған дөңгелектер өндірісі, Ақсу ферроқорытпа зауытында құны 64 млрд теңгені құрайтын №6 балқыту цехының жаңғырту жобасы жүзеге асырылады. № 64 пешті жөндеуге 21 млрд теңге жұмсалған.

Қыркүйек айында «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ құны 55,2 млрд тұратын № 5 энергоблокты қайта құруды аяқтайды. Ал екінші кезекте «Павлодар» арнайы экономикалық аумағында қоспалы алюминий өндіретін «Giessenhaus» ЖШС мен автокөлік өндірісі үшін алюминий дискілерін шығаратын «КиК Павлодар» ЖШС алюминий кластерін дамытуға негіз болуда. Қазір аймақта жүзеге асырылып жатқан 10 жоба бар.

Кәсіпкерлерге жеңілдіктер ұсынылған. Өндірістік аймақты тиімді пайдалану мақсатында басымдық алған жобалардың аясын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Инфрақұрылымды жасау жасауға мүмкіндік туады. Биылғы жылдың бес айы ішінде өңірдегі қайта өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына құйылған инвестиция 19,2 млрд теңгені құраған.

 

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген: Валерий Бугаев

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Бүгін, 09:14

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар