Аймақтар • 26 Шілде, 2018

Болат Бақауов облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берді

381 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жарты жылдық қорытынды бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы  тұрақты дамуда. Облыс әкімінің айтуынша, жалпы өңірдегі өнім өндіру көлемі 3,3  пайызға артқан. Биыл өнім көлемін 2,5 триллион теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.

Болат Бақауов облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берді

Облыс кәсіпорындары өндірістік жаңарту, жаңғырту шаралары бойынша 21 жобаны жүзеге асыруда. Жылдың соңына дейін жалпы инвестиция көлемі 96 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба іске қосылады.

Бұл күндері  «Павлодар» экономикалық аймағында алюминий кластерін өркендету жолында 2 кәсіпорны жұмыс жасауда.

Өз сөзінде Болат Бақауов инвесторларды қолдау қажеттілігін және облысқа 160 млрд. инвестиция тартылғанын айтып өтті. Ауыл шаруашылығы саласы, мал шаруашылығын дамыту үшін 5 тауарлы сүт фермасын, 18 қайта өңдеу нысандары,  3 азықтандыру алаңын пайдалануға беру жоспарлануда.

Облыс орталығында  2000 га жер учаскелерін қамтитын инфрақұрылым жүйелері көрсетілген электронды карта жасалуда.

Ал, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 9,6 млрд. теңге бөлінген. Баянауылға дейінгі 206 шақырым жол жөнделуде.

Бірақ, ауылдарға әлі су жетпей тұр. Бұл жайында жуырда облысқа жұмыс сапарымен келгенде Елбасы да айтып өтті.

Үкіметтің қолдауымен өткен жылы 365 шақырым су желісі тартылса, биыл 270 шақырымы тартылмақ.  Бұл күндері 41 ауылда жалпы құны 13,1 млрд. теңгені құрайтын  37 жоба жүзеге асырылуда.  Өткен жылы Ертіс ауданы, Беловод топтық су құбырларының 1-інші кезеңі пайдалануға берілді. Қазір ауылдарында ауылішілік желілер салына бастады. Май ауданында топтық су құбырлары желісінде магистральді құбыр желісі мен тазарту стансаларын салу қажет.

Облыс әкімінің өз есебінде  300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін айтты. Есептің аты есеп. Бірақ, жобалар сөзбен емес, орындалуымен маңызды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 252 тұрғын пәтер алды. Жылдың соңына дейін 1009 пәтер беріледі. Бүгінгі күні тұрғын үйлердің құрылысы «Сарыарқа» ауданында қарқынды жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін бұл ауданда 9 үй пайдалануға беріледі.

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген: Валерий Бугаев