Қазақстан • 27 Шілде, 2018

Бас прокуратура өкілдері Қылмыстық саясатты ізгілендіру туралы Заң қағидаларын түсіндірді

472 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы ізгілендіруге бағытталған Заңның негізгі қағидалары туралы айтты.

Бас прокуратура өкілдері Қылмыстық саясатты ізгілендіру туралы Заң қағидаларын түсіндірді

Заң а.ж. 31 шілдеде заңды күшіне енеді. Аталған Заңды Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты қаңтардағы Жодауында көрсетілген тапсырмасын орындау аясында Бас прокуратура әзірлегенін атап өткен жөн.

Іс-шара барасында елімізде кезекпен өткізіліп жатқан сот-құқықтық реформалар мемлекеттің қылмыстық-құқықтық саясатын жазалаушыдан құқық қорғаушы қызметке қарай ауыстыруға бағытталғандығы айтылды.Жалпы түзетулер Қылмыстық кодекстің 262 бабына, Қылмыстық-процестік кодекстің 45 және Қылмыстық-атқару кодексінің 9 бабына енгізілді.

Сонымен қатар ауырлығы орташа және онша ауыр емес, кісі өліміне соқтырмаған 247 қылмыс бойынша баламалы жаза түрінде қоғамдық жұмыс алғаш рет енгізілуде. Бұл өз кезегінде сотталғандардың еңбегін қоғам игілігіне пайдалануға мүмкіндік береді.

Айыппұлдың ең төменгі көлемі 500-ден 200 АЕК (1,2 млн. теңгеден 481 мыңға дейін) және оны төлеудің минималды мерзімі 6 айдан 3 жылға дейін ұлғаюда. Бұл мыңдаған азаматтарға айыппұл көлемін және өтеу мерзімін ұзарту бойынша сотқа жүгінуге құқық береді.

Меншікке қарсы, экономикалық және кейбір қылмыстар бойынша айтарлықтай, ірі және аса ірі залал мөлшері 2 есеге дейін жоғарылатылды.

Аталған түзетулерге сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу мен алаяқтық үшін бас бостандығынан айырылған жалпы 2,5 мың тұлға енгізіледі. Олардың жазаны өтеу мерзімін қысқартады.

Қылмыс құрамы ауыр 12 қылмыс бойынша баламалы жаза ретінде соттар бас бостандығынан шектеуді тағайындауы мүмкін. Оларға әскери, экономикалық, лауазымдық және меншікке қатысты қылмыстар жатады.

32 қылмыс бойынша, оның ішінде 13 экономикалық қылмыстар бойынша бас бостандығынан шектеу мерзімінің жоғарғы шегі 2-3 жылға төмендетіледі.

Қысқа айыппұлдардың қолдану аясы кеңейеді. Енді алаяқтық және сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу бойынша айыппұл мөлшері келтірілген залал кұнының 10-нан 20-ға дейін еселенеді.