Аймақтар • 27 Шілде, 2018

Қызылорда облысында жыл басынан бері 16 адам суға кетті

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өкінішке орай облыста осындай жағдай орын алды. Оның төртеуі-жас балалар.

Қызылорда облысында жыл басынан бері 16 адам суға кетті

Шомылу маусымы басталғалы 22 төтенше жағдай тіркелген екен. Соның салдарынан 12 адам қайтып келмейтін жаққа аттанған. Ал, суға батып бара жатқан 10 адамды құтқарушылар ажал құрығынан арашалап аман алып қалған.

– Қызылорда облысының төтенше жағдай департаменті қала бойынша 7 бағытта жұмыс істейді. Ал, құтқару қызметі 4 бағытта жұмыс жүргізіп жатыр,-дейді ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ басшысының міндетін атқарушы Мейрамбек Доспанбетов.

Әрине, құтқарушылар суға түсетін демалыс аймағынан бөлек жерлерде шомылған адамдарды байқай бермейді. Әйтсе де, қауіпті аймақ шегінен шығып кеткендерді үнемі бақылап отырады. Төбені тескен ыстық күннен қорғаныш іздегендер «сақтансаң сақтаймынды» ескере бермейтіндігі өкінішті.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»