Футбол • 27 Шілде, 2018

«Қайрат» өз алаңында АЗ командасынан басым түсті

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының «Қайрат» клубы Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында Нидерландының азулы клубы АЗ (Алкмаар) командасын қабылдап, 2:0 есебімен басым түсті.

«Қайрат» өз алаңында АЗ командасынан басым түсті

Алматының «Орталық» стадионында өткен матчтың алғашқы минуттан-ақ АЗ командасы қауіпті шабуылмен көзге түсе бастады. Дегенмен кездесудің 12-минутында алматылық клубтың жартылай қорғаушысы Адеринсола Эсеола мергендігімен көзге түсіп, командасын есепте алға шығарды. Гол соғылған соң ойын мәнері қыза түсті. Екі команда да алма-кезек шабуылдағанымен, бірінші таймда есеп өзгермеді.

Кездесудің екінші бөлігін «Қайрат» белсенді бастады. Ойынның 50-минутында Адеринсола Эсеола есепті еселеп, өзінің матчтағы екінші голын салды. Ойынның қалған бөлігінде «Қайрат» қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, есепті ұстап тұруға тырысты. АЗ командасы есепті қысқартуға қанша тырысқанымен, «Қайрат» командасына гол соғу оларға бұйырмады.

Екі команда арасындағы қарымта кездесу 2 тамыз күні Нидерландыда өтеді.

Соңғы жаңалықтар