Бокс • 28 Шілде, 2018

«Канело» екінші жекпе-жекті толықтай насихаттаудан не себепті бас тартқанын түсіндірді

43 реткөрсетілді

Мексикалық боксшы Сауль Альварес өзінің және Golden Boy Promotions компаниясының Геннадий Головкинмен бірлескен баспасөз мәслихатынан және екінші жекпе-жекті толықтай насихаттаудан не себепті бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sports.kz

«Тыңдаңыздаршы, егер біз оны былтыр жасаған болсақ, тағы да пресс-тур жасап қайтеміз? Біз командамыз бірлескен баспасөз мәслихатын өткізуден бас тартты. Себебі бізге жұмыс істеу қажет. Мен үшін қазір ең бастысы - жаттығу жасау. Баспасөз мәслихаты ұнайды ма деген сұраққа келсек, маған одан гөрі жаттығулар мен жекпе-жектер ұнайды», - деді «Канело» Los Angeles Times-қа берген сұхбатында.

Еске салайық, таяуда Головкин мен Альварес өзгеше баспасөз мәслихатын өткізген еді. Баспасөз жиыны қашықтықтан өтті, боксшылар өз лагерлерінде болды.

«Канело» - GGG рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Цифрлы фермалар көбейеді

Қазақстан • Бүгін, 10:03

Жастар жылында жаңалық көп

Аймақтар • Бүгін, 09:59

Жақсының аты өшпейді

Қоғам • Бүгін, 09:56

Жақсының жолы – жарық күн

Қоғам • Бүгін, 09:48

Кененнің кемер белдігі

Қоғам • Бүгін, 09:36

Жанашыр жобалар игілігі

Аймақтар • Бүгін, 09:23

Ұқсас жаңалықтар