Әлем • 28 Шілде, 2018

БРИКС-ке мүше елдер басшыларының саммиті аяқталды

3748 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БРИКС-ке (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы) мүше елдер басшыларының саммиті аяқталды.

БРИКС-ке мүше елдер басшыларының саммиті аяқталды

Төртінші цифрлық өнеркәсіптік революцияның артықшылығын пайдалана отырып, стратегиялық серіктестікті нығайту және кеңейту Йоханнесбургте аяқталған оныншы BRICS саммитінде айтылды.

Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка елдерінің көшбасшылары дамушы елдерді біріктіруде алдағы жаңа онжылдықтың, «алтын онжылдыққа» айналатынына сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша БРИКС елдерінің көшбасшылары еркін сауда қағидаларын қорғау ниетін атап өтті, «технологиялық» және «инвестициялық жетістіктерге», лаңкестікке қарсы бірлескен күресті күшейтуге, халықаралық саяси аренадағы блоктың рөліне тоқталды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше