АРАНДАТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Жексенбі күні Атыраудағы «Исатай-Махамбет» алаңында жұртшылықтың қатысуымен митинг өтті. Митингке халық өте көп жиналды. Әр түрлі саланың өкілдері бар, мұнайшылар да, мұғалімдер де, студенттер де Жаңаөзендегі оқиғаны айыптаған пікірлерін білдірді. Алдымен сөз алған еңбек ардагері Кеңес Қосыбаев «Жаңаөзен қаласындағы оқиға Қазақстанның тәуелсіздігі арқылы қол жеткізген жетістігімізге, елдің бірлігі мен ынтымағына нұқсан келтіре алмайды. Біз елдің тұрақтылығына сына қаққысы келген арандатушылар әрекетіне жол бере алмаймыз», деді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Өсила Арманқызы «Жаңаөзендегі оқиға арандатушылардың әрекеті, мұны еркін елдің ертеңі –жастар ешқашан қолдамайды. Біз ел ішіндегі бірлік пен ынтымақтың бұзылмағанын қалаймыз. Біз үшін ең басты құндылық – Қазақ елінің тәуелсіздігі. Біз оны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет», деді. – Біз бүгінгі еңбегіміздің жемісін балаларымыз, кейін ұрпақ көрсе екен дейміз. Сол себептен, елдің бірлігін сақтап, келешек ұрпақ үшін өнеге боларлық іс жасайық, –деді Исатай ауданындағы «ЖайықМұнайГаз» басқармасының мұнайшысы Қожантай Сыдиықов. Митингке қатысушылар Маңғыстау жұртшылығына арналған үндеу қабылдады. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы.Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 21:49
Ертең елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 21:23
Олимпиада-2026: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында 35-орынға жайғасты
Олимпиада • Бүгін, 20:35
Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды
Оқиға • Бүгін, 20:14
Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:45
Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді
Президент • Бүгін, 19:35
Ерлан Қарин: Жаңа Конституция тұңғыш рет алдымен қазақ тілінде әзірленді
Ата заң • Бүгін, 19:30
Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді
Аймақтар • Бүгін, 18:50
Референдумның қашан өтетіні белгілі болды
Қазақстан • Бүгін, 18:08
Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 17:59
Елімізде 490 мектеп директорының орны бос тұр
Білім • Бүгін, 17:55
«Атырау» футбол клубы алдағы ойындарын Түркістанда өткізеді
Футбол • Бүгін, 17:42