Аймақтар • 01 Тамыз, 2018

6697 әскери бөлімде жас сарбаз­дар ант қабылдады

694 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанай қаласында орна­лас­қан 6697 әскери бөлімде жас сарбаз­дар ант қабылдады.

6697 әскери бөлімде жас сарбаз­дар ант қабылдады

«Біздің қо­­ғамның идеалы – ол  өзі­­нің тарихын, тілін, мә­дениетін білетін, бұл рет­те заманауи, шетел тіл­дерін меңгерген, ал­дың­­ғы қа­тарлы және жа­һан­дық көз­қа­­расы бар қазақстандық болу ке­рек», деп атап көрсеткен бо­латын Елбасы Н.Назарбаев «Төр­тін­ші өнер­кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жа­­ңа мүмкіндіктері» ат­ты Жол­­дауында. Отан ал­дындағы бо­ры­шын өтеу­ге шақырылған жас­та­ры­мыз­дың арасында білімді де білікті азаматтар аз емес.
6697 әскери бөлімге кел­ген сарбаздардың ұзын саны екі жүзден асады. Олар­дың де­­ні Қызыл­орда, Тараз, Пав­ло­­дар, Аты­рау облыстарынан ша­­қы­рыл­ғандар. Жүрек тебі­рен­­тер рәсімге аталған өңір­­лерден сарбаздардың ата-ана­лары мен туыс-ту­ғандары да арнайы ке­ліпті. Біреулері бала­ла­­рының, ал екіншілері бауыр­ларының елін қор­ғай­тын аза­мат болғанына көз жеткізіп ерекше қуа­ныш­қа бөленді. «Сіз­дер­дің қызметтеріңіз – әр­бір қазақ­стандық отбасының ты­ныш­­тығы мен ертеңгі күнге деген сенімділігінің кепілі. Сіздер бұл жерден отансүйгіштік, адам­гер­шілік қасиеттерді бой­­ла­рыңызға сіңіріп әрі төзімді болу­ға үйре­не­сіздер», деді Қазақ­стан Рес­публикасының Ұлт­тық ұла­­ны «Орталық» өңір­­лік қол­бас­шысының тәр­бие жөнін­де­гі орын­ба­сары, полковник Савер­дин Имиров шара барысында.
«Бүгін біздің бөлімде сал­танатты және айтулы күн. Жас сар­баздарымыз Қазақстан хал­қына және оның заңды түрде сай­лан­­ған Президентіне адал қызмет етіп, Отаны­мыз­дың абыройын асқақтата түсе­тін болады» деп атап өтті 6697 әскери бөлім командирі, подполковник Ерлан Ипатов.  
Оқу-жаттығуда болып келген сарбаздарымыз ант қа­был­дау салта­на­тында дайын­дық­­та­рының жоғары деңгейде еке­нін  көрсетті. Олар сап­тық амалдарды, жауын­гер­лік қарудан ату ма­шық-дағдысын, сондай-ақ жау­ынгерлік тех­ни­ка­­­­ны жүр­гі­зу­ді және бас­­­­қа да әскери іс-қ­и-
мыл­­­дарды жетік мең­гер­ген. 
Отан алдында ант қа­был­да­ғ­ан сол­­дат­та­ры­мыз алдағы уа­қыт­­та қоғамдық қау­іп­сіз­дікті қам­та­масыз етіп, қыл­мыстық  атқару жүйе­сі мекемелерін кү­зе­ту се­кіл­­ді жауапты мін­дет­терді орын­­дауға кірі­се­тін бола­ды.

Қымбат ШҰҒАЙЫП,
кіші сержант