21 Желтоқсан, 2011

Көмек көрсетуге кедергі жасалды

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әр адамның басы ауырып, балтыры сыз­дағанда сыйынары да, сү­йенері де жедел жәр­­дем көмегі. Ал кеше б­із бұ­ған дейін кездеспеген оқиғаларға тап болдық. Осы салада жиырма жылдай еңбек етсем де алғаш рет «жедел жәр­дем» автокө­лік­терін тоқтатып, қиратқанды бірінші рет көрдім. Сондай жолмен үш автокөлік істен шықты. Сонда да біз бір күнде 120-дан астам адамға жедел жәрдем көрсеттік. Соның 52-і орталық алаңдағы оқиғалар сал­дарынан жарақат алғандар болды. Қол­дан келгенді аямадық. 27 адам­ды облыс орталығына жібердік. Солардың бәрі дерлік 18-25 аралығындағы жастар. Сөйтіп жүр­генде түнгі 12.00-са­ғатта шақы­рыл­­ған жерге бара ал­май­тын­дай жағдай ту­ды. Авто­көлік жол­да­рына  ке­дергілер қо­йылды. Біз­ді асыға күт­­кен адам­дар­ға ая­ғымыз жетпеді.  Бә­рінен де, басқа-басқа, өзіміздің бауырлары­мыз­ға кезінде көмек көрсете алма­ғанымыз өкінішті-ақ болды. Бү­гін, шүкір, жол ашылды. Қажет адамдарға кө­мек көрсетіле бас­тады. Бір-бі­рі­мізге қамқор бо­лайық­шы, бауыр­­ларым. Тимур ӘЛҚУАТОВ, Жаңаөзен қалалық «Жедел жәрдем» стансасының бас дәрігері.