Қазақстан • 04 Тамыз, 2018

БҚО-ның жедел жәрдем қызметі реанимобильдермен толықты

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының жедел жәрдем қызметінің автопаркі соңғы үлгідегі реанимобильдермен толықты. Онда шалғай ауылдардан науқастарды тасымалдау кезінде көмек көрсетуге арналған заманауи медициналық құрылғылардың бәрі бар. 

БҚО-ның жедел жәрдем қызметі реанимобильдермен толықты

Көлік ішіне көп функционалды креслолар орнатылған. Сонымен қатар ыстық және суық судың болуы да дәрігерлер үшін қолайлы жағдай тудырмақ. Бүгінгі таңда жедел жәрдем қызметіне күніне 600-дей шақырту түседі. Тәулік бойы 25 бригада кезекшілік етеді.

Автомобиль паркі де үнемі жаңартылу үстінде. Мәселен, өткен жылы 9 жаңа газель көлігі алынды. Қазір стансада 77 көлік бар. Олар планшеттермен жабдықталып, ситуациялық орталықпен байланыс орнатқан. Жедел жәрдем бекеті әрбір қалалық емханалардың жанынан құрылған.

Тимур Ғапшәкіров, реаниматолог: – Қазіргі таңда келген көлік толық түрде мамандандырылған аппараттармен жабдықталған. Оның ішінде өкпені жасанды тыныстандару аппараты және тұрақты түрде оттегімен қамтамасыз ету қызметі бар.