07 Тамыз, 2018

СІМ АҚШ-та Қазақстан азаматтары ұсталғанын растады

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та Қазақстанның үш азаматы "сирек кездесетін бағалы көліктерді сатуда алаяқтық жасады" деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

СІМ АҚШ-та Қазақстан азаматтары ұсталғанын растады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров шілденің соңында Нью-Йорк штатында 25 адам ұсталғанын, олардың арасында 1994, 1991 және 1970 жылы туған қазақстандық үш әйел бар екендігін айтты. 1970 жылы туған қазақстандық денсаулығына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылып, ал қалған екеуі қамауға алынған. Сондай-ақ, ұсталған 25 адам 4,5 миллион доллар көлемінде шығын келтірді деген күдікке ілінген.

Смадияровтың айтуынша, Нью-Йорктегі Қазақстан консулдығы қазақстандықтарға консулдық және құқықтық көмек көрсетіп жатыр.