Астанада ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған мәдени іс-шаралар жалғасуда. Олар қаланың жоғары және орта оқу орындары, балабақшалар мен басқа да білім ордаларында өтуде.
Жақында солардың бірі Тәуелсіздік күні қарсаңында №54 «Нұр-Ай» балабақшасында болып өтті. Мұнда мерейтойлық іс-шараларды өткізу дәстүрге айналған. Атап айтқанда, Жаңа жылдық шырша, Наурыз мейрамы, Астана күні мен басқа да мерекелер назардан тыс қалған емес. Осы мейрам күндері балабақша тәрбиешілері бүлдіршіндердің бойында ата-ананы құрметтеу, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында түрлі шаралар өткізеді. Сондықтан балалардың ата-аналары тәрбиешілердің жұмысына әрқашан ризашылықтарын білдірумен келеді. Әсіресе, ата-аналар тәрбиеші Бағдат Қадірберлинаның балалармен жұмыс істеу әдісіне, тындырымдылығына, елгезектігіне тәнті екенін айта кеткен жөн.
Жақында Бағдат Алдабергенқызы өзінің тәрбие ісіндегі жұмысын тағы бір қырынан көрсетті. Ол өзіне тиісті мектепалды даярлық «Қарлығаш» тобына «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілік жасап берді. Оның мақсаты – балаларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін, тарихын құрметтейтін, жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.
Ертеңгілік тәуелсіздік жолындағы күрес шежіресін ұғындыра отырып, балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жетістіктері мен балаларды таныстыру, білімдерін кеңейте түсу, жас өскінге елінің байлығын қорғау қажеттігін үйрете отырып, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар қажет екендігін ұғындыру мақсатында да өткізілді. Мұнда әуелі балалар жұдырықтай кішкентай жүректеріне қолдарын қойып, бір адамдай еліміздің Әнұранын айтып берді. Содан кейін жүргізуші Тәуелсіздігіміздің – ең басты құндылығымыз екенін, бұл күнге біз сан ғасырлар бойы армандап жеткенімізді, ал қазір Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен еліміздің бүкіл әлемге танылғанын айтқан соң, балалар Тәуелсіздік, сол тәуелсіздікке түрткі болған Желтоқсан оқиғасы туралы жыр-шашуларын шашты. Одан әрі осы оқиға туралы қойылым мен «Желтоқсан ызғары» атты бейнесюжет көрсетілді.
Ертеңгіліктің екінші бөлімінде балалар тағы да Тәуелсіздікке арналған жыр-шашулар айтып, манадан бері өнерлерін ұйып тыңдап отырған ата-аналарының бәрін тәнті етті. Содан кейін бүлдіршіндер кезек-кезегімен тәуелсіздік алған кезден бері болған маңызды оқиғаларды рет-ретімен тізіп, «Қазақстан», «Желтоқсан желі», «Өз елім», «Саржайлау», «Ару қалам – Астана», «Астана – Бәйтерек», «Тәуелсіздік алған күн», «Қыран дала» сияқты әндерді орындап берді. Ертеңгілікте балалардың «Білек сайысы» мен «Қыз қуу» ойындары және Төле, Қазыбек, Әйтеке билерді сомдаған рөлдері қызықты және тартымды болды. Шараның соңында Әз-бабалардың бата бергені мен балалардың «Атамекен» әнін орындағаны да қызықты әрі әсерлі шықты.
Дастан КЕНЖАЛИН.
АСТАНА.

Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 21:49
Ертең елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 21:23
Олимпиада-2026: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында 35-орынға жайғасты
Олимпиада • Бүгін, 20:35
Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды
Оқиға • Бүгін, 20:14
Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:45
Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді
Президент • Бүгін, 19:35
Ерлан Қарин: Жаңа Конституция тұңғыш рет алдымен қазақ тілінде әзірленді
Ата заң • Бүгін, 19:30
Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді
Аймақтар • Бүгін, 18:50
Референдумның қашан өтетіні белгілі болды
Қазақстан • Бүгін, 18:08
Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 17:59
Елімізде 490 мектеп директорының орны бос тұр
Білім • Бүгін, 17:55
«Атырау» футбол клубы алдағы ойындарын Түркістанда өткізеді
Футбол • Бүгін, 17:42