Қазақстан • 08 Тамыз, 2018

Қазір Қазақстанда 307 шет елдік теле-радио арна тіркеуде тұр - Дәурен Абаев

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Министр өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

Қазір Қазақстанда 307 шет елдік теле-радио арна тіркеуде тұр - Дәурен Абаев

Қазір Қазақстанда 306 шет елдік теле-радио арна тіркеуде тұр. Олардың қызметін реттеу мақсатында біздің министрлік жыл басында заңнамаға түзетулер енгізді. Оған сәйкес шет елдік арналар Қазақстан Республикасында өз өкілдігін ашуы міндеттелді. Барлық талаптарды орындау үшін жарты жыл уақыт та берілді. 

219 телеарна қазір тиісті талаптарды орындады. Министрлік қалған 87 арнаның ел аумағында хабар таратуын тоқтатуды қарастыратын бұйрықтар әзірледі.