09 Тамыз, 2018

АҚШ-та ұсталған қазақстандық үш азаматшаның соты басталды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандық азаматшаларға қатысты бірінші сот отырысы өтті, - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

АҚШ-та ұсталған қазақстандық үш азаматшаның соты басталды

«2018 жылдың 8 тамызда осы іс бойынша бірінші сот тыңдалымы өтті. Біздің отандастарымызға ақша жымқырумен айналысқан қылмыскерлерге қатысы бар деген айып тағылды», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Келесі сот отырысы 2018 жылдың қазанына белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, 1994, 1991 және 1970 жылғы үш қазақстандық азаматша мен тағы 22 адам АҚШ-та көліктерді сатып, ірі көлемдегі алаяқтық жасап ұсталған болатын. 

Соңғы жаңалықтар