Әлем • 09 Тамыз, 2018

Душанбеде Қазақстан-тәжік іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Душанбе қаласында Қазақстан-тәжік іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы мен қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясы өтті, деп хабарлайды ҚР Тәжікстандағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Душанбеде Қазақстан-тәжік іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы  өтті

2018 жылғы 9 тамызда Тәжікстан астанасында Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы Елшілігінің жәрдемдесумен және «Атамекен» ҰКП Сыртқы сауда палатасы мен Тәжікстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен Қазақстан-тәжік іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы және қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясы өтті.

Қазақстан тарапынан автомобиль, құрылыс, медициналық, тағам және басқа да өнімдерді шығаратын 20 отандық өндіруші қатысты. Екіжақты келіссөздерге қазақстандық өнімдерді сатып алуға қызығушылық білдірген 100-ден астам тәжік компаниялары қатысты. Іс-шараға Тәжікстан Республикасының көлік, экономикалық даму және сауда, қаржы, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және жаңа технологиялар, энергетика министрліктерінің өкілдері келді.

Сауда миссиясының ашылу салтанатында Қазақстан Елшісі Нұрлан Сейтімов мұндай іс-шаралардың Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өзара сауданың өсуіне және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесетінін айрықша атап өтті. Сондай-ақ, Елші екі ел Мемлекет басшыларының сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайтуға және тереңдетуге барынша жағдай жасағанын, екі ел іскер топтарының арасында өзара тиімді әріптестік қарым-қатынастар жасауға берік іргетас қалағанын атап көрсетті.

Іскерлік кеңес отырысының шеңберінде «СарыаркаАвтоПром» ЖШС мен «Азия Групп Таджикистан Холдингі» ЖАҚ арасында «JAC» маркалы 50 автомобилді жеткізу және «JAC» автомобилдеріне Тәжікстан аумағында диллерлік өкілеттіктер беру туралы екі келісімге қол қойылды.