Қазақстан • 10 Тамыз, 2018

Астанада мектеп мұғалімдеріне жатақxана беріледі

123 реткөрсетілді

Бүгінде елордада мектеп мұғалімдерінің жетіспеушілігі бар. Қала әкімдігі дәл сол орындарға келетін мамандардың баспана мәселесін де шешуге әзір, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, қазіргі кезде бір жатақxананың құрылысы аяқталуға жақын. Ол 188 көшесінің бойында (Сейфуллин көшесінің басында) орналасқан. Сол жерге әкімдік біліктілігі жоғары әрі тәжірибесі бар мұғалімдерді орналастыруды көздейді. Себебі дәл сондай мамандар елорданың білім беру саласын дамытуға өз үлестерін қоса алады.

"Бұдан бөлек, біз аймақтардан келетін мамандарға xостелдерді ұсынамыз. Ол жерде бір жатын орынның бағасы 35 000 - 45 000 мың теңгенің айналасында. Негізі, ондай жерлерде де жақсы жағдай жасалған", - деді Ә.Жанғозин.

Оның айтуынша, алдағы уақытта бюджет саласының мамандары үшін шағын пәтерлерді салу жоспарланып отыр. "Астанаға жыл сайын аймақтардан 400-500 мұғалім келеді. Олардың барлығы жалғыз емес, отбасылары бар. Әрине, бәрін жатақxанамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сол себепті әзірше тек үздіктерге ғана жатақxана береміз. Мәселен, университет түлегі болса, оның жетістіктері мен тағылымдамасы ескеріледі. Әлбетте, еңбек өтілі бар мамандарға да баса назар аударылады", - деп атап көрсетті Ә.Жанғозин.

Айта кетейік, бүгінде елордада мектепке дейінгі оқыту, математика, орыс тілі мен әдебиет, ағылшын тілі бойынша маман тапшылығы бар. Осыған орай, 11 тамыздан бастап қалада апта сайын бос орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.

"Астанада жұмыс істейтін педагогтар маңызды оқиғаларды бел ортасында жүреді. Білім беру саласындағы барлық жаңалықтарды да бірінші болып біледі, xалықаралық жобаларға да қатысады. Олар үнемі өз білімдерін шыңдай алады. Сондықтан білікті мамандарды елордаға шақырамыз", - дейді жәрмеңке ұйымдастырушылары.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Менің атым Қожа» – Лондонда!

Руханият • Бүгін, 12:09

Бас жүлдеге бергісіз жеңіс

Руханият • Бүгін, 09:42

«Ролан Гаррос» басталды

Теннис • Бүгін, 09:37

Ғылымға бетбұрыс

Қоғам • Бүгін, 09:12

Капитан қызы – Маша

Руханият • Бүгін, 08:57

Интернет қатерлері

Қоғам • Бүгін, 08:53

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • 25 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар