Халықаралық турнирге биыл Хабаровск қаласының «Амуры», Нижнекамск қаласының «Нефтехимигі», Астана қаласының «Барысы» және Қазақстан ұлттық құрамасы қатысуда.
Жарыстың алғашқы күні ұлттық құрама Нефтехимик командасымен жолығып, 4:1 есебімен есе жіберді. Ал «Барыс» «Амур» клубын әрең жеңді. Қорытынды есеп: 2:1. Енді бүгін ұлттық құрама Амурмен, «Барыс» командасы болса, Нефтехимикпен ойнайды.
Ал жылдың ең басты бәсекесі – Құрлықтық Лига 1 қыркүйекте басталады.