22 Желтоқсан, 2011

Бір атаның баласы, бір қолдың саласындай болуымыз керек

352 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қазақ­стан­дық­тар үшін ең қа­сиетті де қастерлі Тәуелсіздік күні жаңаөзендік қандас­тары­мыздың өрес­­кел тірлігі бәрімізді дүр сілкіндірді, көңі­лі­мізге кірбің ұяла­тып, еңсемізді түсірді. Жаңаөзен қаласындағы келең­сіздіктер – тәуелсіз Қазақстанның ба­тыл, еркін қадамдарын көре ал­маған, тасада тұрып тас атқан сырт­қы күштердің жымысқы, за­лымдық іс-әрекеті, арам пиғылы. Мұндай арандатушылықты Тәуел­­­сіздіктің 20 жылдығын кешегі күнге ризашылық білдіріп, ер­теңге үлкен үміт артып, көте­ріңкі көңілмен атап өткен уақытқа тура келгендігі бүкіл қазақстан­дық­тар­дың ашу-ызасын келтіріп, үлкен алаңдатушылық ту­ғыз­ды. Мұны ұлттық құндылықтар мен елдік намысымызды таптап, біртұтас қазақ­стандықтардың рухани негізін құр­дым­ға кетіруге ба­ғыттал­ған әдейі ұйым­дастырылған іс-әре­кет деп санаймыз. Бұл – елдің сүттей ұйыған бірлігіне сызат түсіріп, оны іштей ыды­рату, тәуелсіздігіміздің тамы­ры­на балта шабу, асқақтаған ар­ма­ны­мызды түбірімен құрту, елі­міздің жоғары беделіне нұқсан келтіру. Әрине, бұл анайылықтың ады­мы қысқа, барар жері, басар тауы жоқ. Бұдан былай біз «Сақтансаң сақтаймын» деген дана­лықты үнемі еске алып, әр қадамы­мыз­ға баға беріп отыруымыз керек. Мұндай арандатушылық елі­міз­дің тыныш, бейбіт тіршілігінің шыр­қын бұза алмайтынына сенемін. Өйткені, әрбір қазақстандық тәуелсіздіктің шын бағасын біледі. Тәуелсіз, еркін өмір сүрудің қан­дай тамаша, жасампаз құн­ды­лық екенін жақсы түсінеді. Осын­дай еркіндікті, биіктікті біздің ата-бабамыз өмір бойы аңсаған, сол үшін күресіп өткен. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев осы оқиғаға байланысты сөзінде: «Осы орайда, мұнайшылардың ең­бек дауын өздерінің қыл­­­­мыс­тық ниеттері үшін осы жағдайды пай­­­да­ла­нып қалғысы келген бұ­за­­қы­лардың әре­кеті­мен шатас­ты­ру­ға бол­­май­ды. Біз бұл іспен кім ай­на­лысқа­нын, қай­дан қар­жы­лан­­ды­рыл­­ға­нын аша­тын бола­­мыз. Осы жыл­­дар ішін­де Жа­ңа­өзен хал­қы­ның әлеу­мет­тік жағ­д­а­йын ше­шу үшін көп­те­ген ша­­ралар атқа­рыл­ды. Жал­ақы кө­лемі жо­ға­­ры­лады. Әр елде ша­шырап жүрген отан­дас­тары­мыз­ды Жаңа­өзен­ге ша­­қыр­дық. Оларға бар­лық жағ­дай­ды жаса­дық. Осы үшін олар мемлекетке риза болуы тиіс» деген сөз­дері көп­теген жәйттерден хабар береді. Бұл қаскүнемдіктің арғы жа­ғын­да еліміздегі маңызды саяси өз­ге­ріс­терге әсер ету пи­ғы­лы жат­қанын естен шы­ғармауы­мыз керек. Әлемдік эконо­микалық дағ­д­а­рыс, жекелеген елдерде саяси тұ­рақ­сыздық белең алып тұрған дүр­белеңі мол мына заманда республика тәуел­сіз­дігін құрметтеп, оны одан әрі тұрақты ұстап тұ­ру­ға бәрі­міз бір атаның ба­ласындай бірігуіміз қажет. Тарихтың талай «тар жол, тай­ғақ кешуінен» аман өт­кен, төрт құ­бы­ла­сын тү­ген­деп, барша әлем­ге таны­лып, ая­ғы­нан нық тұр­ған хал­қы­мыз­дың ерен еңбегі мен шы­дам­дылығы, сабыр­лы­лығы, тө­зім­ді­лі­гі, даналығы және Елбасы – Ұлт Көшбасшы­сы­ның жан-жақты ой­лас­тырылған са­ли­­қа­лы, сарабдал сая­саты­ның арқа­сын­да Қазақ­стан көп­те­ген сы­нақ­­тар­дан сүрінбей өтті. 20 жыл ішін­де жау­ларымыз күйі­ніп, дос­тарымыз сүйі­не­тіндей көлемді нә­тижелерге қол жет­кіздік. Эко­но­микамыз ныға­йып, үде­мелі иннова­ция­лық-ин­дус­т­рия­лық даму жолына түскен, бүкіл әлем­нің на­за­рын өзіне аудартқан ал­дың­ғы қа­тар­дағы елге айналдық. Қазақ­стан­ның осын­дай ауқымды та­быс­тары, қазақ­стандық даму жо­лы кейбір теріс пи­ғыл­дағы күш­­терге ұна­ма­ған көрінеді. Біз 20 жылдың ішінде жаңар­ған Қазақстанға куәміз. Әрбір қа­зақ­стан­дық еліміздің тәуелсіз­дік­ке қан­дай ауыр жолдардан өтіп, қиын­дықпен қол жеткізгенін ба­ға­лай білуге міндетті. Қазіргі жетістіктерімізді мақтан тұтамыз, гүл­денген күшті Қазақстанды қолдаймыз! Ұйыған ұлт ретінде Елбасы – Ұлт Көшбасшысының төңірегіне бұрын­ғы­дан да тығыз топтасып, тәуелсіз­дігімізді нығайта түсіп, елі­міз­дің мерейін өсіре берейік. Тәуел­сіздік – біздің ең басты жетістігіміз, ал оны дамыту мен қорғау – аза­мат­тық борышымыз болып қала бермек. Уәлихан БИШІМБАЕВ, М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі, профессор. ШЫМКЕНТ.