Аймақтар • 11 Тамыз, 2018

Қызылордада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді

55 реткөрсетілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкенің мақсаты – тұрғындарға облыстың орталық және жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру, сапалы қызмет көрсету, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сала мамандарынан заңгерлік кеңес алу болып табылады.

Жәрмеңкеге халықтың сұранысы жоғары жер, әлеуметтік, білім, тұрғын үй, сәулет және құрылыс, ахаж, әділет, салық, көші-қон салалары бойынша қызметтер көрсететін уәкілетті органдар, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Қазпошта» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалы қатысты.

- «Жәрмеңке барысында 200-ден астам қала тұрғынына түрлі қызметтер көрсетілді. Тұрғындардың басым бөлігі балаларды мектепке қабылдау мен баспана мәселесі бойынша «7-20-25», «Орда» бағдарламалары төңірегінде сауалдармен жүгінді. Сондай-ақ, қызмет көрсететін органдармен азаматтарға тұрғын үй, жер, балабақша кезегіне қою, электрондық кілт алу, «Е-gov» электрондық порталына ұялы телефон нөмерлерін тіркеу және тағы да басқа қызмет түрлері көрсетіліп, тиісті кеңестер берілді», деді Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаев.

Аталған жәрмеңке жыл басынан бері Шиелі, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында өткізілген болатын. Алдағы уақытта облыс орталығында және басқа аудандарда да жалғасын табатын болады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар