Білім • 11 Тамыз, 2018

2018-2019 оқу жылының каникул кезеңдері бекітілді

827 реткөрсетілді

ҚР Білім және ғылым Министрінің "Орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі № 322 бұйрығына сәйкес 2018-2019 оқу жылының басталуы - 2018 жылғы 1 қыркүйекте, - деп хабарлайды Астана қаласының білім басқармасының баспасөз қызметі.

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасы, 1-і сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11(12) сыныптарда - 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Сондай-ақ, бұрықта оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері де бекітілген.  1-11 (12) сыныптарда: күзгі каникул - 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан - 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда); 

Мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан - 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда); 

Мектепалды даярлық сыныптары мен 1-і сыныптарда 7 күн мерзімде (2019 жылғы 4-10 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Сауаптан құр қалмаңыз

Руханият • Кеше

Игі істердің ұйытқысы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар