ВТБ-Лигасы 5 қазан күні «Локомотив-Кубань» - «Зенит» матчымен басталады. Қазақстан өкілі алғашқы ойынын Астанада 7 қазанда өткізеді.
Эмиль Райкович командасы сырттағы алғашқы матчында 14 қазан күні Минскіде «Цмоки-Минск» командасымен ойнайды. Баскетбол додасының регламенті: 14 команда екі айналымдық (өз алаңында және сырт алаңдағы ойындар) кезеңге қатысады. Оның қорытындысы бойынша үздік сегіз ұжым плей-офф кезеңінде титул жеңімпазын анықтайды. Барлық сериялар «2-2-1» схемасында бір команда үш жеңіске жеткенше жалғасады.