Футбол • 13 Тамыз, 2018

Әлем чемпионатында өнер көрсететін ойыншылар анықталды

198 реткөрсетілді

19-26 тамыз аралығында Алматыда футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионаты өтетіні жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз. Ал күні кеше сол жарыста Қазақстан құрама командасы сапында кімдердің өнер көрсететіні белгілді болды. 

Ерлер арасында доп додасында Нұрәлем Байдолла, Ұлан Жақсылыков, Ерсұлтан Сағындықов, Ақжол Дәрібай, Антон Рындин, Біржан Оразов, Арнольд Кнауб, Ақеділ Мадияров, Дәурен Тұрсағулов, Владислав Черномордов, Болат Сарбасов, Нұрабек Қабылбаев, Шыңғыс Барашев және Асылжан Алин алаңға шығады.

Бұл жарыста 16 команда төрт топқа бөлініп өзара күш сынасады. Қазақстанның футзалшылары Чехия, Беларусь және Жаңа Зеландия құрамаларымен бірге «В» тобында ойнайды. Өзге топтарда мына командалар шеберлік байқасады: «А» тобы –Ресей, Франция, Аргентина және Словакия. «С» тобы – Таиланд, Германия, Украина және Хорватия. «D» тобы – Португалия, Израиль, Қытай және Польша.

Әйелдер сайысында Қазақстан «В» тобында ойнайды. Қарсыластарымыз – Португалия, Франция және Жаңа Зеландия.  «А» тобында Ресей, Канада, Украина, Израиль және Польша құрамалары бақ сынайды. Барлығы – 9 команда.

Алматыдағы жарыста жерлестеріміз мынадай құрамда өнер көрсетеді: Замира Қонаева, Рамина Мәмедова, Кристина Федякина, Ольга Огай, Әнел Елеусізова, Камал Құдайбергенова, Юлия Васильева, Жансая Әубәкір, Әлия Сәдуақасова, Зулейра Әбішева, Данира Алқанова, Әсем Қаражанова, Виолетта Яковлева және Ксения Хайруллина.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

 АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Кеше

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Кеше

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Кеше

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Кеше

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Кеше

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Кеше

Алматыда жарық сөніп қалды

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар