Аймақтар • 13 Тамыз, 2018

Қостанайда дүниежүзілік жастар күні жарқын шаралармен аталып өтті

625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тобыл өзені жағасындағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атындағы саябақта Дүниежүзілік жастар күні аталып өтті. Онда түрлі жарыстар,концерт, қала тұрғындарының демалысы ұйымдастырылды. 

Қостанайда дүниежүзілік жастар күні жарқын шаралармен аталып өтті

Күні бойы қала қонақтары мен тұрғындары Қостанай қаласындағы өнер ұжымдары қойған концертті тамашалады. Кешке дейін Қостанай қаласындағы «МИЛХ» сүт зауыты «Новый день» деген сауда маркасымен жастарға, мерекеге келушілерге тегін балмұздақ таратты. Мереке күні кешке дейін футболдан, шахматтан , фотосурет түсіруден және асық ату, тоғызқұмалақ, аквагрим, армрестлинг тағы басқа спорт түрлдері мен ойындардан жарыстар ұйымдастырылдыКелушілер ІТ-технология мен құлтеміртехникадан көрмені тамашалады.

Кешке қарай мереке гала-концертпен жалғасты. Оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов келді. «Жастар күні – сұлулықтың, жастықтың, сарқылмас қуат пен достықтың мерекесі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды реформалардың қозғаушы күші деп санайды. Қостанайлық жастар ылғи да көшбасшы болып көзге түседі. Республикада жалғасын тапқан маңызды бастамалар мен акциялар біздің облыстан бастау алды. «Жастардың алтын кітабына» бүгінге дейін оқуда, еңбекте, қоғамдық жұмыста айналсына үлгі болған 200 жастың есімі алтын әріппен жазылды. Жастар білім алу, еңбек ету үшін оларға жағдай жасау– біздің міндетіміз» деді Архимед Бегежанұлы. Әкім облыстағы жастар қозғалысының жеті көшбасшысына алғыс хатпен қосып, велосипед сыйлады.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазқстан»

Қостанай