Қазақстан • 15 Тамыз, 2018

Астананың апорты

251 реткөрсетілді

Әдетте апорт атауын Алматының атына қатыстыра айтамыз. Өйткені дәмі тіл үйіретін, түсі көздің жауын алатын қызыл алманың бұл сор­ты тек Алматы топырағында өсетінімен ерекшеленеді. Арғы тегі XIV ғасырда Балқан түбегінен бері өтіп, ішкі Ресейді жағалап Жетісуға жеткен апортты қазір Алматының ғана емес, мұқым қазақтың дүние жүзіне ұялмай ұсынатын бау-бақшалық бренді деуге болады. 1984 жылы еліміздің аумағында 1 965 795 түп апорт ағашы өсіп тұрған екен. Ал осы көшеттердің қақ жарымынан астамы Жетісу топырағында тамыр жайған көрінеді. 

Жақында Астананың 20 жылдық мерейтойын абыроймен өткердік. Осы тұста Алматы облысының әкімдігі елордадағы бұрынғы «Арай» демалыс орнын қайта жасақтап, оған «Жетісу» деген атау берді. Жаңа демалыс орнына айналған «Жетісу» саябағы жерұйық өлкенің Арқа төсіне көшкен бір әсем бөлшегіндей болып шыға келді. Жалпы, Жетісудың жеті кереметін көзбен көріп, сезіну үшін Астанадағы саябақты аралау керек. Осы саябақтағы негізгі нышанның бірі Апорт ағашының алтын жалатылған мүсіні болса керек. Келушілердің көзіне оттай басылатын алаңқайдың өзі де «Апорт алаңы» деп аталады. Осы «Молшылық» деп аталатын композиция идеясы – қазақ алмасының отанына деген құрмет. Жетісу, оның ішінде Алматы топырағы апорттың алтын тамырына нәр беріп тұрған киелі мекен екені ақиқат. 

Жалпы, бұл жерде бір ізгі мақсат байқалады. Жетісудың жауһарына айналған апорт көшетін Арқаның атасы бөлек табиғатына жақындатып, алманың дәл осы түрін Астанада өсіруге деген құлшыныс бар. Өйткені «Жетісу» саябағын аралаған адам аңғарады, мұнда алмаға қатысты көптеген декорациялар мен элементтерден бөлек, кәдімгі алма көшеттері егілген. Қазір 400 түп жеміс ағашы өсіп тұр. 

– Жетісуды алманың отаны дейміз. Ал Астана – отанымыздың жүрегі. Демек, Алматының апорты елорданың айнымас бөлігіне айналуы керек. Саябақты жоспарлағанда осыны мақсат еттік. Бұл жер Жетісу өлкесінің айнымайтын көшірмесі ғана емес, түбі Астананы мәуелі баққа айналдыратын абат мекен болсын дедік. Алма көшеттерін таңдап еккеніміз сондықтан. 400 түп апорт ағашы егілді. Астанада апорт иісі аңқып, жемісін ұрпақтарымыз жейтініне сенемін, – дейді бұл жайында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жетісудағы алма бақтардың азайып кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, жеміс ағаштарын қалпына келтіруді міндеттеген болатын. Қазір облыста бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Өңірде 23 мың гектар жеміс бағы болса, оның 1500 гектарына тек апорт көшеттері егілген екен. Биыл осы алқаптың 743 гектары мәуе салып, жеміс бере бастапты.

...Тоқетерін айтқанда, апорт исі Алматының бақтарында ғана емес, Астананың саябағында да аңқып, тәтті алма Арқа төсінен мәуелейтін күн жақын.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қала күніне 5 күн арналды

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Іргелі ізденістер ошағы

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Бірегей гибридті операциялық зал

Технология • Бүгін, 09:21

Оқу мен оқымаудың арасы

Әдебиет • Бүгін, 09:16

Жамбыл ескерткіші жаңғырды

Аймақтар • Бүгін, 09:15

Өзбек еліндегі өнер мәуесі

Руханият • Бүгін, 09:13

Ерен тоғайын сақтау парызымыз

Қазақстан • Бүгін, 09:11

Түйткілі таусылмаған туризм

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Арам ойы іске аспады

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Дениссіз өткен бір жыл

Спорт • Бүгін, 08:59

Қоқыс өңдейтін мекемеде болды

Аймақтар • Бүгін, 08:51

Даудың басы – Dragonfly

Әлем • Бүгін, 08:41

Атырау – Арыспен бірге

Аймақтар • Бүгін, 08:34

Сенім – мемлекеттің тірегі

Руханият • Бүгін, 08:31

Күтім болмаса, топырақ та тозады

Қазақстан • Бүгін, 08:25

Ерді сыйлар ел қайда?

Қоғам • Бүгін, 08:19

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • 20 Шілде, 2019

Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар