Кино • 15 Тамыз, 2018

Түріктер «Қазақфильмнің» туындыларын көрсетпек

203 реткөрсетілді

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына Түркияның «TRT» телерадиокомпаниясы Астанадағы өкіл­дігінің директоры Абдулхамит Авшар келді. Кездесуде корпорация басшылығы атынан киностудияның картиналарын түрік телеарнасында көрсету мақсатында алуға ниетті екенін білдірді. 

«ТRT» телерадиокорпора­циясы – бірнеше радиостан­салардың негізінде 1964 жылы құрылған. Бүгінгі таң­да корпорацияға ондаған халықаралық және аймақ­тық теле және радиоарналар кіре­ді. Көптеген елдерде өкілдігі бар корпорацияның бөлімшесі Қазақ­­станда да ашылған.

– Біздің корпорацияға тиесілі «ТРТ Аvaz» телеарнасында аптасына бір рет түркітілдес елдердің киноларын көрсетуді жоспарлап отырмыз. Осы орайда, біз «Қазақфильмге» келіп, шығармашылық байланыс жасауды ұсындық. Өйткені бұл киностудия Қазақстандағы бас­ты және түрлі жанрдағы сапа­­лы кино өндіруші студия. Бүгін­гі біздің мақсатымыз сіздер­дің фильмдеріңізбен танысып, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін көрсететін туындыларды таңдап алу, – деді кездесу барысында Абдулхамит Авшар. 

Өз кезегінде «Қазақфильм» киностудиясының аудиовизуалды жобалар басшысы Олжабай Мұсабеков киностудия өндірген фильмдер катологын беруге дайын екенін жеткізді.

– 2009 жылға дейін түсірілген фильм­дер таспада сақталған. Алай­да Қазақ ғылыми-зерттеу мә­дениет институтының көме­гі­мен сандық жүйеге енгіздік. Ескі және жаңа фильмдерді сіздерге қа­жет­ті форматта беруге дайынбыз. 

Кездесу барысында түркия­лық қонаққа киностудия бо­йынша экскурсия жүргізіліп, «Қазақфильмнің» киноөндірістік мүмкіндігі мен техникалық жабдығы таныстырылды. 

Түрік телерадиокомпаниясы немесе Түрік радио және телевизиясы қоры (түр. Türkiye Radyo Televizyon Kurumu), сондай-ақ, TRT – түрік мемлекеттік телерадиокомпаниясы ретінде де танымал. Аталмыш корпорацияға ондаған салалық телеарна және бірнеше аймақтық, халықаралық радиостансалар кіреді. Бүгінгі таңда TRT әлемнің 30 тілінде хабар таратады. TRT – Еуропалық хабарлау кеңесінің мүшесі және Euronews акционері.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ашық аспан астында - пианинолар

Аймақтар • Бүгін, 15:52

Медицина цифрландыруды таңдайды

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Ашықтықтың артықшылығы көп

Аймақтар • Бүгін, 09:49

Құттықтаулар легі жалғасуда

Қазақстан • Бүгін, 09:46

Әлкей Марғұлан мұралары

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Түлен түрткен түс

Аймақтар • Бүгін, 09:37

Сабыр түбі – сары алтын

Қоғам • Бүгін, 09:21

Құлманбетовтің қызыл алмалары

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Сырттан қаржы тарту қарқыны үдеді

Қазақстан • Бүгін, 09:14

Ұлы дала кеңістігіндегі абыздық

Қазақстан • Бүгін, 09:05

Сыр тарихымен сырласады

Аймақтар • Бүгін, 08:56

Тұғыры биік Тарбағатай

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Арыстағы апат

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Жан дүниемізді кірлетпейік

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ұқсас жаңалықтар