Футбол • 16 Тамыз, 2018

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға жоғарылады

774 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 1167 ұпай жинап, ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде бір сатыға көтерілді. 

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға жоғарылады

Қазір Қазақстан құрамасы 116 орында тұр. Маусым айының басында Станимир Стоилов командасы Әзербайжан құрамасымен жолдастық матч өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

6 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасында алғашқы ойынын өткізеді. Қарсылас - Грузия құрамасы. Ойын «Астана Арена» стадионында 20:00-де басталады. 

 

КФФ