Футбол • 20 Тамыз, 2018

«Реал Мадрид» Испания чемпионатын жеңіспен бастады

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испания чемпионатының бірінші турында «Реал Мадрид» өз алаңында «Хетафе» клубымен кездесті.

«Реал Мадрид» Испания чемпионатын жеңіспен бастады

Бірінші таймда «Хетафе» қақпашысының қателігінен кейін «Реал Мадрид» клубының қорғаушысы Дани Карвахаль кездесудің алғашқы голын соқты.  51-минутта Асенсионың пасынан кейін Гарет Бэйл екінші голды салды.

«Реал Мадрид»  Испания чемпионатын жеңіспен бастады. Екінші турда корольдік клуб 27 тамыз күні «Жирона» клубымен қонақта ойнайды. «Хетафе» 25 тамыз күні өз алаңында «Эйбар»   футболшыларымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше