Таеквондошы Фариза Алдоңғарова 53 келіде қола жүлдеге ие болды. Алдоңғарова алғашқы айналымда Өзбекстан спортшысы Динорахан Мамадибрагимовадан 17:16 есебімен, ширек финалда ирандық Элах Шейдайдан 11:3 есебімен басым түсті. Жартылай финалда тайпейлік Си По Яннан жеңілді.
Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 5 медальмен әзірге тоғызыншы орында тұр.