Спорт • 20 Тамыз, 2018

Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Джакартада өтіп жатқан Азиаданың екінші күнінде еншімізге тағы бір медаль тиді. 

Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Таеквондошы Фариза Алдоңғарова 53 келіде қола жүлдеге ие болды. Алдоңғарова алғашқы айналымда Өзбекстан спортшысы Динорахан Мамадибрагимовадан  17:16 есебімен, ширек финалда ирандық Элах Шейдайдан 11:3 есебімен басым түсті. Жартылай финалда тайпейлік Си По Яннан жеңілді.

Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 5 медальмен әзірге тоғызыншы орында тұр.