Әлем • 20 Тамыз, 2018

Ригада «Шахмат патшалығы» атты анимациялық фильмі таныстырылды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Латвияның астанасы Ригада шахматтан Еуропа чемпионатының салтанатты ашылуында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамындағы «Balapan» телеарнасының "Шахмат патшалығы" атты анимациялық фильмі таныстырылды.

Ригада «Шахмат патшалығы» атты анимациялық фильмі таныстырылды

Ригада басталған 8 бен 18 жас аралығындағы ер және қыз балалар арасындағы шахматтан Еуропа чемпионатына47 елден 1080 жасөспірім мен еуропалық шахмат федерациясының беделді өкілдері қатысты. Әлемдік шахмат қауымдастығы балаларға арналған интеллектуалдық туындыны ағылшын тілінде тамашалап, жоғары баға берді. Аталмыш туынды 3D форматта және үш тілде жүзеге асты.

Сондай-ақ, ашылу салтанатына ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының Президенті Кирсан Илюмжинов, Латвияның қаржы министрі, халықаралық гроссмейстер Дана Резнице, Латвияның білім министрі, атақты шахматшылар, бапкерлер мен төрешілер болды.

Айта кетейік, 32 бөлімнен тұратын «Шахмат патшалығы» мультхикаясы ҚР Ақпарат және коммункациялар министрлігінің қолдауымен, «Балапан» телеарнасының тапсырысы бойынша «Д.Сәдуақасов атындағы шахмат академиясы» өндірілген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше