20 Тамыз, 2018

Б. Сағынтаев Шымкентті республикалық маңыздағы қала ретінде дамыту жөнінде кездесу өткізді

122 реткөрсетілді

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шымкент активімен және бизнес қауымдастығымен агломерацияны әлеуметтік-экономикалық және одан әрі кеңістіктік дамыту мәселелері жөнінде кездесу өткізді.

Кеңес барысында жаңа мегаполисті дамыту мәселесіндегі қазіргі жағдай, агломерацияны тиімді, үйлесімді әрі теңгерімді дамытуды қамтамасыз етудің жоспарлары мен перспективалары қаралды. Сондай-ақ, қаланы дамыту жоспары, нақтырақ айтқанда, 2018–2019 жылдары іске асырылатын ірі жобалар талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев 19 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әкімшілік-аумақтық бірлік — Шымкент қаласын құру туралы Жарлыққа қол қойғанын еске салды. Елбасы Шымкентке республикалық маңыздағы қала мәртебесін беру кезінде өңірдің инвестициялар, технологиялар және интеллектуалдық ресурстар тарту орталығы болуы үшін барлық қажетті жағдайлары мен әлеуеті бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, тек Қазақстан төңірегінде емес, барлық Орталық Азия өңіріне де қатысты. Экономикалық өсімнің негізгі өңірлік нүктесіне сапалы өзгеру қаланы одан әрі дамыту бағытын анықтауы керек.

Жаңа қала мәртебесі тұрғысынан Шымкент агломерациясын дамыту бойынша әкімдік атқарып жатқан жұмыстар пен мақсатты индикаторлар туралы Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баяндады.

Бүгінде қалада бірқатар ірі жобалар іске асырылып жатыр. SCAT компаниясының қаражаты есебінен Шымкент қ. әуежайының жаңа терминалын салу бойынша келісімге қол қойылған. Әуе компаниясы $50 млн көлемінде инвестиция салуға әзір. Қала әкімдігі терминал құрылысы мен оған апаратын жолды салу үшін 2,8 гектар жер телімін береді. «ҚТЖ» ҰК Шымкент темір жол вокзалын қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын жыл соңына дейін әзірлеуді жоспарлап отыр. Қаланың солтүстік бөлігін электр қуатымен қамтудың негізгі көзі болатын 220 киловольт «Бозарық» кіші станциясының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 250 мың қала тұрғыны сапалы электр қуатымен қамтылады.

Елбасымыздың Бес әлеуметтік бастамасын орындау аясында қалада «7–20–25» бағдарламасы бойынша 175 көп-қабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл баспанаға мұқтаж тұрғындардың мәселесін шешуге жол ашады.

«Баспана тапшылығын азайту үшін келер жылы 56 млрд теңгеге 8 арендалық және 68 несиелік көп қабатты үй салу жоспарлануда. Сонымен қатар, мектеп тапшылығын азайту мақсатында 11 мектеп салу көзделген», — деді Ғ. Әбдірахымов.

Шымкентте «Оңтүстік», «Тассай» екі индустриалық аймағы және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы ойдағыдай жұмыс істеп тұр. Бұл аймақтарға қазірге дейін 58,5 млрд теңге салынған, 66 кәсіпорын жұмыс істейді, 4890 жұмыс орны ашылған. Жыл соңына дейін 14 кәсіпорын ашу үшін 38,3 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр, онда 2047 адам тұрақты жұмыс істейтін болады.

Қала әкімі Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып анықталатынн атап өтті. Туристік тартымдылықты арттыру мақсатында «Шымкент» цитадельін қайта құру және «Қошқар ата» өзенін абаттандыру жобаларын іске асыру көзделген.

Сондай-ақ, талқылауға ҚР қаржы министрі Б. Сұлтанов, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, ішкі істер министрінің орынбасары Б. Бисенқұлов қатысты.

Сөз соңында, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Шымкенттің үшінші мегаполис мәртебесінде болған екі айдың ішінде уақытылы әрі ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Жаңа агломерацияны бұдан әрі де осы қарқынмен дамыта түсу керек.

Бірінші кезекте Мемлекет басшысы Бес әлеуметтік бастамада атап өткен міндеттерді орындауды қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, студенттерді жатақханалармен қамту мәселесін бақылауға ұстау керек. Бұл іске асырылуы тиіс басты әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады, себебі барлық оқу мекемелері Шымкент қаласында қалады.

Сонымен қатар Б. Сағынтаев аграршыларды шағын несиелендіру, шағын және орта бизнесті қолдау, сонымен қатар газбен қамту және экономиканы жаңа даму жолына шығару мәселелерінің маңызын атап өтті.

Шымкент агломерациясы — Қазақстандағы адам саны бойынша екінші және аумағы бойынша бірінші, оңтүстік аймақтағы тірек орталығы. Шымкент агломерациясының аумағында 1,8 млн адам тұрғыны бар 367 елді мекен бар. Сонымен қатар қала тұрғындарының саны — 992,5 мың адам (55,1 %), ауыл тұрғындары — 808,5 мың адам (44,9%). Қала аумағы — 1162,8 мың км2. 2018 жылғы 1 шілдедегі мәліметтер бойынша Шымкент қ. халқының саны 1 005 996 адам болды. 2018 жылғы 6 айдағы туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 25,17 құрады  (ҚР – 21,26).

Жеті айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 250,8 млрд теңгені құрады, НКО 2017 ж. осы кезеңіне шаққанда — 102,1%. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға 2018 ж. 1337,7 млн теңге бөлінді, оның ішінде жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін — 247,2 млн теңге, әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін — 184,8 млн тг, жастар іс-тәжірибесіне — 618,3 млн тг, қоғамдық жұмыстарға — 284,4 млн тг және т.б.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асыру аясында 2018 ж. қаңтар–маусым айларында 829 млн теңге сомасына 64 шағын несие берілді. 2018 ж. қаңтар–шілде айларында қала бюджеті 63,8 млрд теңгеге орындалды. Қалалық бюджеттің өз кірісі 32,7 млрд теңгені құрады, болжамның орындалуы — 106,9%. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімдер  5470 млн теңгеге артқан.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Кеше

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Кеше

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Кеше

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар