Қазақстан • 21 Тамыз, 2018

ҚХА Кеңесі Құрбан айт мерекесімен құттықтайды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚХА Кеңесі Құрбан айт мерекесімен құттықтайды

Құрметті отандастар!

Барша қазақстандықтарды шапағаты мол қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!  

Осы қасиетті күндері бәріміз бірге шынайы адамгершілік, мейірімділік, адалдық, көршілермен тату болу және жақындарымызға қамқорлық жасау сияқты тамаша дәстүрлеріміз бен жылдар бойы сақталған өнегелі құн­ды­лық­тарымызға жүгінеміз.

Құрбан айт – айналамызды жақындастыратын, жанымызды нұрландыратын игі ниеттер мен істердің уақыты.

Қазақстандағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік – бұл қоғамның басты игілігі мен байлығы. Ауызбіршілік – біздің күшіміз бен еліміздің рухани және әлеуметтік жаңғырудағы табысының кепілі. 

Қымбатты отандастар! Құрбан айт мерекесі әр шаңыраққа шаттық шуағын төгіп, ырысы мол құт әкелсін. 

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық, бақ-береке және алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын деп тілейміз!    

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше