Қазақстан • 21 Тамыз, 2018

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы күндері Қазақстанның үш облысында ауа райы күрт құбылады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында 22 тамыз күні бірқатар аймақтарда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғуы ықтимал. Желдің екпіні 25 м/с шамасында болады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл көтерілуі мүмкін. Өскемен қаласында 22 тамызда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 метрге жететін жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында 22 тамыз күні кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Батыс Қазақстан облысында 23 тамызда кей жерлерде найзағай жарқылдап, солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Орал қаласында 22 тамыз күні оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді. 23 тамыз күні найзағай түсіп, солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 18 м/с-қа жететін жел соғады.

Дауыл тұру ықтималдығы 95-98%. Солтүстік Қазақстан облысында 22 тамызда түнде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с жетеді деп күтілуде. Облыстың бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, тұман түседі, дауыл тұруы ықтимал. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Петропавл қаласында 22 тамызда түнде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ, тұман түсіп, дауыл тұруы ықтимал.