Жазғы спорт • 21 Тамыз, 2018

Азиада-2018: Қазақстандық Кирилл Казанцев қола медаль жеңіп алды

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Кирилл Казанцев маунтинбайктан қола медаль иегері атанды, деп хабарлайды Қазақстанның ҰОК қызметі.

Азиада-2018: Қазақстандық Кирилл Казанцев қола медаль жеңіп алды

Спортшы кросс-кантри категориясында сынға түсті. Казанцев алғашқыда үш айналым бойынша бірінші орында келе жатты. Алайда қытайлық спортшылар басымдық танытып, отандасымыздың алдына шығып кетті. Нәтижесінде Казанцев қытайлық спортшыдан 2 минут 32 секундқа кейін қалып, үшінші орынға табан тіреді. Екінші орынды да Қытай спортшысы еншіледі. Бағдарламаның аталмыш түрінен тағы бір отандасымыз Шарик Әділов сынға түскен еді. Спортшы жарысты 8-орынмен тәмамдады.