Тәрбие • 22 Тамыз, 2018

Алматыдағы Ұлттық кітапханада ұстаздарға арналған кәсіби басқосу өтті

143 реткөрсетілді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық байқауы негізінде «Балаларға батырлар жырын жаттатудың тиімді жолдары мен ескеруге тиіс жағдайлар» тақырыбында Алматыдағы Ұлттық кітапханада ұстаздарға арналған кәсіби басқосу өтті.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Басқосудың бағдарламасына сәйкес жоба жетекшісі Серік Сейітман қатысушыларды кәсіби отырыстың барысымен таныстырып, сөз кезегін жыршы, фольклортанушы ғалым Берік Жүсіпке ұсынды.

Өз кезегінде жыршылық өнердің маңыздылығына, эпикалық шығармалардың бала тәрбиесіндегі ерекшеліктеріне тоқталған Берік Жүсіп толыққанды эпикалық шығарманы орындаудағы ғылыми негіздерді атап өтті. «Баланың алғашқы эпикалық білімі анасының әлдиінен қалыптасады» деді ғалым. «Бесік жырының», «Апа» сөзінің маңыздылығына ерекше тоқталып, анаға деген құрметтің  ұлттық тәрбиенің бастауы  екендігіне тоқталды. Баланың рухани толысып, ұлттық рухта өсуінде эпикалық орта, эпикалық жад, эпикалық білім мен орындаушылық бір-бірін толықтыруы қажеттігіне де ерекше назар аударған ғалым өкінішке орай, қазіргі кезеңде осынау құндылықтарды қаперден тыс қалдырғандығымызға алаңдаушылығын білдірді.

Сондықтан да мектеп оқушыларына батырлар жырын жаттату арқылы олардың ұлттық жадын қалыптастырып қана қоймай, эпостық жырларда кездесетін бүтіндей бір халықтың тарих-дастанынан хабардар етуге болады. Батырлар жырын жаттатқан кезде ұлтқа керек нәрселер, мысалы бір ғана «Алпамыс» жырының өн бойында бесік жыры да, аңыздың желісі де, жар-жар, мақал-мәтел, ерлік-елдік те, адамзат баласының кісілігі сияқты тағы да басқа ерекше қасиеттердің шоғырланғандығына көз жеткізе түсеміз.

Ал қорытындысы ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде анықталатын «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына «Алпамыс батыр» жыры таңдалуының да өзіндік мән-мағынасы бар. Байқау Алматы қаласында білім алатын 6-10-сынып оқушылары арасында өтеді. Мектеп оқушыларын кітапқа баулуды, батырлар жырын насихаттауды, ұлттық рухта тәрбиелеумен қатар өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуды мақсат ететін байқаудың жүлде қоры  бірінші орынға – 1 млн. 500 мың, екінші орынға – 1 млн., үшінші орынға 500 мың теңге және ынталандыру сыйлықтарымен ерекшеленеді. Ал жүлдегер әрбір оқушының тәлімгері Ұлыбританияның Оксфорд қаласына барып, тіл білімін жетілдіру орталығында ағылшын тілін меңгеріп қайтуға мүмкіндік алады.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • 15 Маусым, 2019

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Үздік дәрігерлер баспаналы болады

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар