Үкімет • 22 Тамыз, 2018

Премьер-Министр егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды

79 реткөрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдарға егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Еліміздегі егін жинау жұмыстары жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев баяндады. Республикада дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда. Жалпы жұмыс штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге егін жинау жұмыстары Жамбыл (95,2%) және Түркістан (95,6%) облыстарында аяқталды деуге болады. Осы өңірлер бойынша орташа түсімділік гектарына 21 центнерді құрады.

Жинау жұмыстары Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізіліп жатыр. Аталған облыстарда дәнді дақылдар жиналатын алқап 3 млн гектарды құрайды, оның 1,1 млн гектары немесе 36,3%-ы жиналды. Гектарына 18,1 центнер орташа түсімділікпен 2 млн тонна астық бастырылды.

«Астықтың жалпы жиналымы 20 млн тонна болады деп болжануда, бұл биылғы қуаңшылық жағдайында жаман көрсеткіш емес. Негізгі астық өсіретін өңірлер егін жинауға тамыз айының соңында — қыркүйек айының басында кіріседі. Әкімдіктердің деректері бойынша техникалар егін жинауға 100% дайын», деп мәлімдеді Ө. Шөкеев.

Отырыс барысында егін жинау жұмыстарын дер кезінде жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 394 мың тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлінгені аталып өтті. Шілде айына бөлінген көлемді өңірлер негізінен толықтай алды. Тамыз айына арналған жанар-жағар май көлемі (110 мың тонна) үшін ақы төленді.

Ө. Шөкеев жиын-терім жұмыстарына отынды жеткізу туралы баяндай отырып, цифрландыруды енгізудің оң тәжірибесіне тоқталып өтті. Мәселен, Павлодар облысында егін жинау жұмыстарына арналған арзандатылған жанар-жағар майды электронды бөлу және өткізу бойынша пилоттық режимде жоба іске асырылған. Көлемдер айқын, кезек тәртібімен, танаптардың электрондық картасына және егістіктердің ғарыштық мониторингіне байланысты бөліуде. ҚР АШМ аталған тәжірибені 2019 жылғы егін себу жұмысының басында барлық өңірлерге таратуды жоспарлап отыр.

Республикада жалпы астық сақтау сыйымдылығы 26,7 млн тоннаны құрайды, оның ішінде астық сақтау кәсіпорындарында — 13,7 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерде — 13 млн тонна. Көрсетілген сақтау қуаттылығының көлемі өткен жылдардың қалдықтарын ескере отырып, болжанған өнімді сақтауға жеткілікті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі таңда ІІІ санатты бидайдың бір тоннасы 48-49 мың теңге тұрады. Жаңа жиналған өнімді экспортқа жіберу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік органдармен бірлесіп логистика мәселелерін шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Егін жинау жұмыстарына ЖЖМ уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндады. Жалпы, Қазақстан бойынша 20 тамыздағы жағдайға сәйкес дизель отынының көлемі 260 мың тоннадан асады, кестеге сәйкес ауыл шаруашылығы жұмыстарына оның 110,5 мың тоннасы жұмсалады.

«20 тамыздағы жағдай бойынша 44 мың тонна жіберілді, бұл жоспарланған көлемнің 40 пайызын құрайды. Зауыттарда дизель отынына қатысты ешқандай да проблемалар жоқ. 20 тамызда Павлодар МӨЗ жөндеуден кейін пайдалануға берілді, зауыт тәулігіне 4–5 мың тонна отын шығаратын болады», деді Қанат Бозымбаев.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев қазіргі таңда еліміздің оңтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде егін жинау жұмыстары басталғанын айтты. Сонымен қатар, солтүстік өңірлерге астық жинау үшін жауын-шашын кедергі келтіруі мүмкін. Дәнді дақтардың жоғарғы ылғалдылығы байқалуда.

Климат ерекшеліктерін ескере отырып, егін жинау жұмыстарын аяқтауға уақыт аз қалды. Сонымен бірге, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, өңірлерде егін жинау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуі тиіс.

Осыған байланысты облыстардың әкімдеріне астық жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылады. Биылғы жылдың астығын қабылдау мен өңдеуге арналған элеваторлар мен көкөніс қоймаларын техникалық жабдықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Астық жұмыстарын жүргізу кезінде қажетті техникамен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Премьер-Министр Б. Сағынтаев егін жинау кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мұнай өнімдерін сатып алу кезінде басымдық берілетінін еске салды.

Энергетика министрлігі егін жинау жұмыстарының аяқталуына дейін бекітілген Кестеге сәйкес дизельдік отын жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек.

Инвестициялар және даму министрлігіне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау ауқымының кеңеюін ескере отырып, фермерлердің астық тасу машиналарына және жабық вагондарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша шараларды қабылдау тапсырылды.

Бақылау жұмыстары ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминге жүктелді.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне егін жинау барысында күнделікті мониторинг жүргізу тапсырылды. Бақылау және үйлестіру жұмыстары Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеевке жүктелді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қайран тілім қор болды-ау!..

Руханият • Бүгін, 10:08

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Бүгін, 10:05

Қаламның қарагері

Руханият • Бүгін, 10:00

Камбэктің драмалық хикаясы

Спорт • Бүгін, 09:46

Толағайлар неге тоқырады?

Спорт • Бүгін, 09:20

Халықаралық әуежай салынады

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Бүгін, 09:07

Ұлт газеті ұлықталған күн

Руханият • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар