Үкімет • 22 Тамыз, 2018

Мұғалімдер толтыруға міндетті 5 құжаттың тізімі бекітілді

363 реткөрсетілді

Мұғалімдер толтыруға міндетті 5 қағаз-құжаттың тізімі бекітілді. Басқа құжаттарға мұғалімдер жауапты болмайды. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Жаңа оқу жылының қарсаңында мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге бағытталған шаралар қабылданды. Біріншіден, естеріңізде болса, былтырдан бері мұғалімдерді үй аралатудан алып тастадық. Мектептің рейтингі де алынды. Енді министрлік мұғалім жұмысын жеңілдету үшін өз тарапынан педагогтар толтыруға тиіс құжаттар тізбесін алғаш рет бекітті. Ол тек бес құжат. Одан басқа мұғалімдерден ешқандай қағаз, құжат сұралмауы тиіс», - дейді Ерлан Сағадиев.

Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәслихатын өткізген Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мектеп мұғалімдері толтыруға міндетті 5 құжаттың тізімін айтып берді.

«Нақтырақ айтсақ, олар - күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, сабақ бойынша жоспарлау, крийтерийлік бағалау, күнделік және сынып журналы. Жалпы, күнделік пен журнал бойынша қазір цифрландыру жүріп жатыр», - дейді Асхат Аймағамбетов. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • Кеше

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • Кеше

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мейіргер Шархат

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар