Аймақтар • 22 Тамыз, 2018

Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әнуар Күмпекеев Павлодар қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. 

Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды

«Облыс орталығының жаңа әкімін өңір басшысы Болат Бақауов таныстырды. Ол Павлодардың жаңа басшысының кандидатурасына Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттары келісім бергенін айтты», деп мәлімдеді Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әнуар Күмпекеев 1984 жылы Павлодарда дүниеге келген. 2005 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітіріп, 2007 жылы Ұлыбританияның Бредфорд университетінде экономикалық саясат бағытында магистр дәрежесін алды, 2016 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдады.

Ә. Күмпекеев - Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының бітірушісі. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің экономика және қаржы департаментінің жетекші маманы, аға маманы болды, «ҚР Ұлттық биотехнологиялар орталығы» РМК маркетинг және коммерцияландыру, стратегиялық даму департаменттерінің директоры лауазымын атқарды, «Қазақстан ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ ғылыми-техникалық саясат және нормаландыру департаментінің директоры, акционерлік қоғамның атқарушы директоры қызметтерін атқарды. 2012 жылдан 2015 жылға дейін Ақмола облысы Степногор қаласы әкімінің орынбасары болып, 2015 жылдың мамырында қала әкімі лауазымына тағайындалды.